Мұхамедияр Рашай | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Мұхамедияр Рашай

Мұхамедияр Рашай

Рашай Мұхамедияр Қанқожаұлы 1980 жылдың 1 қарашасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Кәукей елді мекенінде дүниеге келген.
1987 – 1997ж.ж225 қазақ орта мектебінде оқыды.
1999 – 2003​ж.ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «хорға дирижерлық ету» мамандығы бойынша «мұғалім, хор дирижеры» деген біліктілік берілді.
2003 – 2008 ж.ж. «Қайнар» университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша дәріс алды.
Еңбек өтілі 1998 жылы қыркүйектен бастап Жамбыл облысы Макаренко атындағы орта мектебінің ән-би үйірмесінің жетекшісі ретінде басталды.
2002 ​– 2003 ж ж «Алатау» жастар ән би ансамблінің әншісі
2003– 2004 ж.ж «Алатау» жастар ән би ансамблінің бас әкімгері
2004 – 2007 ж.ж Мемлекеттік филармониясының «Наз» халық би ансамблінің директоры.
2008– 2012 ж.жАстаналық Жастар театрының бас әкімгері
​2012жылдан «Қазақ радиосы» Таңғы бағдарламалар редакциясының аға редакторы, «Қайырлы таң, қазақ елі» бағдарламасының жүргізушісі, «Шалқар» радиосының «Кеш жарық» ақпаратты музыкалық хабарының жүргізушісі.
2016«Республикалық радио» ЖШС Бас продюсері.
2017жылдан «Қазақ радиолары» ЖШС «Стратегиялық дамыту қызметінің» жетекшісі.
​​2009 Қазақстан Республикасы Мәдениет министірінен өнерге сіңірген еңбегі нәтежесінде алғыс хат,
2012 Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. ​