Азамат Тілепов | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Азамат Тілепов

Азамат Тілепов

Азамат Жомартұлы Тлепов - 1991 жылы 12 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қаладағы №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің түлегі. 2009-2013 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униврситетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған. 2011-2013 жылдары аудандық «Кентау шұғыласы», «Ботақан» газеттерінде штаттан тыс тілші болып қызмет атқарған.  2013 жылдан күні бүгінге дейін Қазақ радиосының редактор-жүргізуші қызметінде.

- Қай жақтансыз?
- ОҚО, Кентау
- Қай елсіз?
- Қоңырат
- Есіміңіз неге олай қойылған?
- Елдің азаматы болсын деген ниетпен қойылған
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
- адам болу
- Радиоға не үшін келдіңіз?
- Ақша үшін
- Сіз үшін қайсысы маңыздырақ? Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б.
- тіл байлығы
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
- Әзірше шайлық
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
- Ұйымдастырушылық қабілет және мәтін жазу
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
- Шындық, адалдық, дәлдік
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Журналистика саласының қызығы мен шыжығы қатар жүреді ғой. Қателеспесем 2013 жылдың қыркүйек айы. Түнгі сағат 22:00 шамасы. Әріптесім Мәдина Маханбетқызы тікелей эфирде өтетін "Армандастар" жастар сағатына алып шықты. Эфир мәтінін алдын-ала жызып, айтатын сөздерімізді қағаз бетіне түсіріп алғанбыз. Ер азамат болған соң эфирді "Ассаламағалейкум" деген дауыспен өзім бастадым. Сөйтіп, Мәдина да өзінің нәзік дауысымен сәлемдесіп үлгерді. Қезек қайта маған келді. Тыңдаушылармен сол күнгі тақырыпты таныстырып жатып кенет, қағаздағы оқып отырған жолымды жоғалтып алдым. Арада 2-3 секундтай кідіріс болған соң, сөзімді Мәдина жалғап кеткен болатын.