Альмира Тілеуханқызы Елімсарина | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Альмира Тілеуханқызы Елімсарина

Альмира Тілеуханқызы Елімсарина

Альмира Тілеуханқызы Елімсарина - Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Өрел ауылында 1973 жылы 30 қыркүйекте дүниеге келді. 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтады. Бүгінгі күні қазақ радиосында портреттік хабарлар дайындайтын журналист.

- Қай жақтансыз?
- Қызылорда
- Қай елсіз?
-
Қазақпын 
- Есіміңіз неге бұлай қойылған?
Сол кезде Альмира деген есімді көп ата_аналар балаларына қойған ау шамасы. Қазақшалағанда ӘДЕМІ деген мағына береді. Кей жерлерде ханым деп те жазады.
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
Журналист болу
- Радиоға не үшін келдіңіз?
-
Арманға қол жеткізу үшін
- Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б. Сіз үшін қайсысы маңыздырақ?
тіл байлығы аса маңызды, жағымды дауыс болса тіптен тамаша.
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
-
Шүкір
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
-
Сабырлық
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
-
Жақсы өмір сүру
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Радиода 15 жыл еңбек еткен уақытта не бір қызықтар болды ғой. Жаңалықтардың тікелей эфирінде отырып, мемлекет басшысының қабылдауы туралы жаңалықты орыс тілінен қазақшаға бірден аударып, оқуым еді. Бір парақты алып келіп, Альмира мынаны дәл қазір беру керек дегенде....орысша жазылған мәтінді тез әрі сауатты аударуға тырыстым. Эфир аяқталған соң, риза болдым. Сенімділікті беліме байладым. Ол мәтінді маған бірден аударып оқып бере алады деп сенім артқан АЗАМАТҚА рахмет айтамын.