Аманкелді Құрмет | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Аманкелді Құрмет

Аманкелді Құрмет

Өмірбаян
Мен, журналист Аманкелді Құрмет, 1979 жылы 23 қазанда Алтайдың Қобда бетінде, Баян-Өлгей аймағында дүниеге келгенмін. Атажұртқа 1993жылы оралып, қазақтың қара шаңырағында білім алып, үйлі болып,қызмет атқарып келемін.Бүгінде «Айқын»газетінің Астана бюросының жетекшілігі қызметімен қатар, Қазақ радиосында «Кезең», «Алаң» бағдарламаларын жүргіземін. Ұлттың үніне айналған Қазақ радиосында рухани жаңғыру,саяси шолу, сараптама бағытындағы бағдарламаларды жүргізу бізге тапсырылған жайы бар. Бұл журналист ретінде маған жүктелген абыройлы міндет екені анық. Өйткені, біз, журналисттер ұлт мүддесін қорғау, қаймана қазаққа жағымды жаңалықтар жеткізіп, қоғамдағы мәселелерді дер кезіндеталдап, тарқатып беруге міндеттіміз. Әрі бұл міндет үлкен жауапкершілікті жүктейді.
ХХІ ғасырдың бәсекелестік заманында, ақпараттық технологиялардың көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезінде масс-медианыңда қатардан қалмауы маңызды. Сондықтан, интернет кеңістігінде де өз оқырмандарымызды тауып, радиода тыңдармандарымыздың қатарын арттыра түссек деген ниетпен еңбек етіп келеміз. Журналисттік қызметімізде радио, газет, интернет басылымдарда еңбек етіппіз. «Жігітке жеті өнер де аз»дегендей әлеуметтану ғылымын қызметімізде пайдаланбақ ниетпен аталған сала бойынша магистратураны да аяқтағанбыз. Бастысы кәсібімізге адал болып қалғымыз келеді.