Есқұлова Ғалия Шайзадақызы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Есқұлова Ғалия Шайзадақызы

Есқұлова Ғалия Шайзадақызы

Есқұлова Ғалия Шайзадақызы - 1975 жылы 12-ші желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Ақбастау ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы Дәулеткерей атындағы өнер институтында білім алған. Радиодағы еңбек жолы 13 жылды құрайды. Әншілік пен радиодағы қызметті бірге алып келеді.

- Қай жақтансыз?
- ОҚО, Төлеби ауданы
- Қай елсіз?
-
Ұлы жүз, ДУЛАТ
- Есіміңіз неге бұлай қойылған?
Балуан Шолақ "Ғалиясындай" сұлу, ақылды болсын деп ырымдап қойған
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
Радио-диктор болу
- Радиоға не үшін келдіңіз?
-
Қоғамға қажетті дүниелер беру үшін
- Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б. Сіз үшін қайсысы маңыздырақ?
Мен үшін екеуі де маңызды, бірақ нақты біреуін айту керек болса, дауыс дер едім. Өйткені радио дегеніміз - дауыс!
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
-
Байлық
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
-
Менің мықтылығым - білімім мен сабырлығым деп есептеймін.
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
-
Батар күннің атар таңы бар
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Бірде студияға асыға кіріп, орындыққа отыра кетсем, сынық екен. Эфирдің уақыты басталып кеткен еді. Жалп етіп отыра кеткенде, дүрс құлап қалғаным бар емес пе?! Кәдімгідей микрофонды бірге ала құлаппын. Содан еш білдіртпеуге тырысып, микрофонға сөйлей көтерілдім. Сол бойы түрегеп тұрдым. Әрине, музыкалық пауза кезінде, басқа орындық алып келуге болар еді. Дегенмен өзіме қызық көрінді. Сөйтіп эфирді асабаларша тік тұрып сөйлеп өткізгенім бар.