Оралбек Айгерім Оралбекқызы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Оралбек Айгерім Оралбекқызы

Оралбек Айгерім Оралбекқызы

Оралбек Айгерім Оралбекқызы, 1990 жылы, 17 маусымда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2007-2011 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде оқыды. 2012 жылдан бастап Қазақ радиосында қызмет атқарады. "Қайырлы таң, қазақ елі!", "Ақсүйек", "Ән салlike" бағдарламасын жүргізеді.

- Қай жақтансыз?
Қызылорда облысы
- Қай елсіз?
-
 Орта жүз
- Есіміңіз неге бұлай қойылған?
Көркіне ақылы сай, қазақтың ардақты қызы болсын деген үлкен тілекпен əжем маған Айгерім деген есім берді.
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
Қазақ радиосының ардагері Сауық Жақановамен бірге эфир жүргізу.
- Радиоға не үшін келдіңіз?
Балалық шағымдағы арманыммен тығыз байланысты болғандықтан, радиожурналистика жолын таңдадым.
- Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б. Сіз үшін қайсысы маңыздырақ?
Дауыс пен тіл байлығы, онымен қоса журналистің өзіндік ойы, дүниетанымы да басты орында болу керек деп ойлаймын.
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
Алатын айлығым - байлығым, мамандығым - мақтанышым, отбасым мен жақындарым - қорғаным.
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
Сабырлық. Өзімнің ғана емес, өзге жандардың бойынан да іздейтін, ұнататын қасиеттің бірі.
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
Адал еңбек түбінде бəрін жеңбек.
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Мен үшін эфир жүргізген əрбір сəтім бағалы жəне қымбат. Сүйікті толқында тыңдармандармен бірге қауышқан əрбір сəтті бақыт деп білемін.