ЖАЗИРА АМАНТАЙҚЫЗЫ | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
ЖАЗИРА АМАНТАЙҚЫЗЫ

ЖАЗИРА АМАНТАЙҚЫЗЫ

ЖАЗИРА АМАНТАЙҚЫЗЫ - 1981 жылы 30 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1998-2003ж.ж. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін «Телерадиожурналист» мамандығы бойынша, 2005-2007 ж.ж. Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

- Қай жақтансыз?
- ОҚО, Қызылорда облысы
- Қай елсіз?
- Қазақпын
- Есіміңіз неге олай қойылған?
- Жазира даладай кең пейілді болсын деген ниеттегі ата-анамның таңдауы
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
- Қыз сынының жеңімпазы болу арманым орындалды.Болашақта заңгер маманы болсам деп армандағам...
- Радиоға не үшін келдіңіз?
- Жаратқанның бұйыруымен жəне БАҚ ішінде дəл осы сала ұнағандықтан.
- Сіз үшін қайсысы маңыздырақ? Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б.
- Бөліп айтары жоқ.Журналист əмбебап маман болғаны үшін бəрі маңызды!
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
- Шайлық болса да азда береке бар...
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
- Көп жылдар бойы бір салада қызмет еткен соң,тəжірибенің молдығы.
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
- Өмірде мүмкін емес нəрсе жоқ.Бəрі де мүмкін!
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Эфирдегі қызықты сəттер өте көп. Əсіресе,орыс тілінде сауат ашқан билікте қызмет ететін кісілердің, 30 минуттық тікелей эфиріме келіп, қинала отырып қазақ тілінде сұхбат бергеннен кейін қазақ тілін үйренуге ықыласының артуы. Ана тілін үйренуге себеп болған - эфирдің құдіреті.