Жанат Жанұзақ | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Жанат Жанұзақ

Жанат Жанұзақ

Жанат Жүсіпұлы Жанұзақов - Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылында, 1971 жылы дүниеге келді. 1991-96 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 2014 жылдан бастап Қазақ радиосында редактор. Журналистика саласындағы жалпы еңбек өтілі – 25жыл. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 

- Қай жақтансыз?
- Қостанай облысы
- Қай елсіз?
- Қыпшақ
- Есіміңіз неге олай қойылған?
- Білмеймін
- Бала күнгі арманыңыз қандай еді?
- Журналист болу
- Радиоға не үшін келдіңіз?
- Ұнағасын
- Сіз үшін қайсысы маңыздырақ? Дауыс, тіл байлығы, түр, т.б.
- Тіл байлығы
- Айлығыңыз - шайлық па, әлде - байлық па?
- Байлық
- Сіздің мықты тұсыңыз қандай деп ойлайсыз?
- Көп оқитындығым
- Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
- Өмір қиындығында морт сынбау
- Эфирдегі қызықты сәттеріңіз?
Эфирде бір минуттай күлкімді тыя алмай отырғандығым