Мөлдір Жанбаева | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Мөлдір Жанбаева

Мөлдір Жанбаева

Мөлдір Жанбаева
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының тумасы. Мектеп жасында жазуға әуестігі артып, түрлі байқауларға қатысқан. Бойындағы осы қабілеті арқылы тілшілік әлемге қызығушылығы оянады. Арманы мақсатына айналып, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан Мөлдір Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетіне оқуға түседі. Білім ала жүріп журналистиканың қайнаған қазанында қабілет-қарымын шыңдауды да ұмытпайды. Нәтижесінде “Жас қазақ үні”, «Ақбосаға», «Интерьвю KZ» және т.б. газеттеріне мақалалар жариялап тұрды. 3-ші курс аяқталған жылы Қазақ радиосының «Жастар мен балалар» редакциясында өндірістік іс-тәжірибеден өтуге жолдама алады. Міне, сол қадам студент қызды радио атты сиқырлы әлемнің тұтқынына айналдырып, ессіз ғашық етеді. Қара шаңырақта еңбек ете жүріп, Қазақстан ұлттық арнасындағы «Халық таңдауы», «Таң» арнасындағы «Арайлы таң» телебағдарламаларын да жүргізді. Бүгінде Қазақ радиосының Алматыдағы редактор-жүргізушісі міндетін атқарады