Бұхарбаев Мұхамедали Болатұлы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Бұхарбаев Мұхамедали Болатұлы

Бұхарбаев Мұхамедали Болатұлы

Бұхарбаев Мұхамедали Болатұлы
Журналист, диктор.Әйгілі қазақ дикторы Әнуарбек Байжанбаев атындағы төсбелгінің иегері (2011 жыл), әлеуметтік желі арқылы өткен арнайы байқауда «Алтын дауыс» аталымының жеңімпазы.
2014-2016 жылдар аралығында БҰҰ-ның ақпараттық Бюросы бастамалық еткен халықаралық журналистика және коммуникация мектебінің радиохабар тарату саласының медиа дәріскері. 2013-2016 жылдарда еліміздегі ЖОО мен аймақтардағы медиа орталықтарда Радиожурналистиканың дамуына белсенді қатысқан.
2016 жылы радиодикторлар арасында 10-нан астам мемлекеттен 109 диктор қатысқан халықаралық «Говорим как Левитан» байқауында үздік атанып, арнайы жүлдені жеңіп алған. ТМД кеңістігінде үздік 5 радио диктордың тізіміне енген (2016 ж.).
Білімі бойынша мамандықтары:
Музыкалық театр және кино актері (Алматы қ. Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА (Театр факультеті) 2009 ж.)
Журналист (Алматы қ. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ (Журналистика факультеті) магистратура 2013 ж.)
Риторика негіздері-телерадиожүргізушілері мен дикторлардың эфирдегі шеберлігі (РФ. Мәскеу қ. "Медиаиндустрия Академиясы" Федералды-мемлекеттік бюджетті білім беру мекемесі 2017 ж.)