Таркан 45 жасында алғаш рет әке атанбақ

Атақты түркиялық поп-орындаушы, миллиондаған қыздардың сүйіктісі Таркан жуық арада әке атанатынын айтты.

Жаһандық арналар Таркан мен жұбайы Пинар Дилек екеуі ата-ана атанатынын жариялаған болатын. Бірақ жұп бұл жаңалықты растамаған-ды.

Жақында инстаграмм желісінің тікелей эфирінде бар шындықты айтып берді.
«Көп уақыттан бері менің әйелім жүкті деп жарыса жазған болатын... Ия, жақында әке атанамын. Жанкүйерлеріме қанша жоқ десем де, маған сенген жоқ. Мүмкін, олардікі дұрыс та шығар. Сезетін болса керек. Мен бақыттымын және бұл қуанышым жайлы сіздермен де бөліскім келіп отыр» -, дейді әнші.