Ата-аналар неге екпеден бас тартуда?

Екпе жасау қажет пе? Осы сауалға Қазақ радиосындағы «Бірінші байлық» бағдарламасында вакцинология қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнагүл Мұқанқызы жауап берді.

«Бұрын екі үйдің бірінде қызылша мен қызамықпен ауыратын балалар. 2009 жылдан бері, еліміздің барлық аумақтарында күл немесе дифтерия аурулары жойылуда. Тамақтан ұстайтын жабындыны біз пышақпен кесіп те ала алмаймыз. Себебі, хирургиялық жолмен кесіп алған күннің өзінде ол организмге түскен қоздырғыштың токсині немесе уының нәтижесінде қайта-қайта бөлініп, адамның демалуын қиындатып жібереді. Егуден бас тарту барлық елдерде бар. Әсіресе, вакцинадан бас тарттқан Бангладеш, Венесуелла мемлекеттерде аурудың түрлері көбеюде. Тіпті өлім-жігім жағдайы да өте жоғары болады», - дейді вакцинология қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнагүл Мұқанқызы.