Димаш Құдайберген «Grammy» сыйлығының иегерімен бірге ән жазып жатыр

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Grammy» сыйлығының иегерімен бірге ән жазып жатыр.

Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Жақын арада Грэмми жүлдесінің иегерімен дайындап жатқан дуэтімізді күтіңіздер…», – деп жазды әнші.

Әншінің сөзінше, ән жақын арада тыңдарманынан жол тартады. Десе де әнші кіммен бірге ән жазып жатқанын жасырып қалды.