Хат жазып тұр...

Бір-бірімізбен қалай хабарласып жүрміз? Айшылық алыс атыраптардағы жандардың арасын жалғайтын қағаз бен қаламды бүгінде телефон алмастырғаны баршаға аян.

Одан қалса, қазіргі қоғам факс, sms, электронды пошта, скайппен байланысады.

Бүгінде ұмытылып бара жатқан  хаттардың да айтарлықтай артықшылықтыры барын біле жүргеніміз  жөн.

Негізгі хаттың тарихы  5 ғасыр әріден бастау алған. Жер бетінде хаттың пайда болғанына 480 жыл болды. Содан бері, хаттың адамдар өмірінде алар орны айрықша.

Ілгерілерде хат поштаға толып қалатын деседі үлкендер. Әрине, қазіргідей электронды емес.

Ал, бүгінгі электронды хаттардың басы «Сәлем, каксың?» деп басталады.

Айта кетейік, жыл сайын 23 қаңтарда жазу құралдарын өндірушілер ассоциациясының бастамасымен почерк, яғни жазу үлгісі күні, дәлірек айтқанда, қолмен хат жазу күні аталып өтіледі.