Димаштың өнерін тыңдармандары жылап отырып тамашалады

Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген Қытайда өткен Global Golden chart Awards марапатында «Үздік әртіс» атағына ие болды. Алайда әнші сырқаттанып қалғандықтан, концертте өнер көрсете алмады.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында тыңдармандарынан сүйінші сұраған болатын.

«Global Golden chart Awards марапатында «Үздік əртіс» аталымы бойынша жеңіске жеттім. Бүгін белгілі себептермен өнер көрсетпесем де алдағы уақытта əдемі əндерімді сіздер үшін шырқайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!» – деп жазды әнші.

Бейжіңдегі «Жұмысшылар»алаңында өткен марапаттау рәсімінде Димаш сырқаттанып тұрғандықтан ән айта алмады. Десе де тыңдармандарының көңілін қимаған әнші музыкалық сүйемелдеусіз ән орындамақ болды. Алайда фанаттары әнші үшін уайымдап, ән айтуын тоқтатуын сұрады. Тіпті әншінің фанаттарының бірі жылап қалды.