Төрткүл дүниеге танымал спорт майталмандарының дене бітімдері мен мінез құлықтары басқа да өзгешеліктеріне сай өз лақап аттары бар. “Алматы түні” бағдарламасының қонағы “Алаш прайд” клубының белді өкілі Асу Алмабаевтің де лақап аты елден ерекше.
"Менің өзімнің лақап атым бар. Кітапты жиі оқимын. Бірде Пайғамбарлар жайлы кітап оқып отырып, бір жаныма жаққан оқиға болды. Сол оқиға ортасынан “Зульфикар” деген қылыштың есімін оқыдым. Ол қылыш Пайғамбарымыздың қылышы болған. Тағы бір ерекшелігі - ол қылышпен ешкім жеңіліс таппаған делінеді.
Енді қазақ болғаннан кейін сол қылыштың атын ырымдап, өзіме лақап ат қылып қойдым. Содан 2-3 жыл көлемінде Асу Зульфикар Алмабаев болып шығып жүрмін – дейді спортшы.
Енді қазақ болғаннан кейін сол қылыштың атын ырымдап, өзіме лақап ат қылып қойдым. Содан 2-3 жыл көлемінде Асу Зульфикар Алмабаев болып шығып жүрмін – дейді спортшы.