Асық ату - кәсіби спорт

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Бабалардан мирас болған мұраларды ұлықтау керек, оны көздің қарашығындай сақтау керек және өз үлесіңді қосып кейінгі ұрпаққа аманат ету керек» деп айтқанындай, ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселесі қолға алынып жатыр.

Ұлттық ойынымыздың бүгінгі беталысы жайлы Назира Бердалының «Ақ отау» отбасылық ток-шоуының қонағы – Республикалық асық ату федерациясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Жомарт Сабыржанұлы айтып берді.

«Қазір Қазақстан Республикасының бүкіл мектептерінде асық ойыны қолға алынды. Біз асық ойынының ережесін құрастырдық. Оны Ұлттық спорт қауымдастығы қабылдап, спорт комитеті бекітті. Асық ойынының түрлері көп. Біз спортқа бейім түрлерін алдық. «Алшы», «Бестабан» - тұрып ойнайтындар, отырып ойнайтындар – «Ханталапай», «Қақпақұл». Олардың өздерінің бірлік, екілік жаттығулары бар. Түрлі ережелер бекітіп, Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізетін дәрежеге жеттік. Жылына біз 20 шақты жарыс өткіземіз. Асық ату кәдімгі спорт түріне айналды».