Ауылда бала қалған жоқ

Ауылдық жерде мүлде бала қалмай қалды. Тіпті мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Барлық техникалық училищелердің бәрін колледжге айналдырып, оған грант бөліп, алғашқы кәсіби мамандықты бөліп беріп жатса да, ауылға баратын жастардың аздығы қынжылтады.

Шалқар радиосы «Сын мен Шын» бағдарламасының қонағы - «Ұлағат» баспасының директоры Ізбасаров Манарбек Ешмұханбет мырза осы мәселені тілге тиек етті.
«Мысалы баяғы кезде бәріміз ауылда өстік. Әрбір ата-ана өзінің жанұясындағы 3-4 баласының біреуін бейімдеп, ауылға алып қалатын. «Менің қара шаңырағымның иесі болады» деп. Қазір бізде ол үрдіс қалды. Аудандағы ағайындарымыз не істеп отыр? Кәсіптік техникаға ауылдың әкімдері жоғарғы оқу орнына түсуге бармай қалған балаларды тізімге жазып, мына балалар оқиды деп жіберіп жатыр. Ал, ол балалар оқығысы келмейді. Тракторист, дәнекердің мамандығын алғысы келмейді. 10 мың тенге степендия береді, тамағын береді, 3 айдан кейін құжатын алады. Ол маман емес. Ауылдық жерде ауылшаруашылығы мамандары жоқ» - дейді директор мырза.