Спорттық радиохабарлар неге аз?

Қазақ радиосы спорттық бағдарламалардан кенде емес. Үнемі спортшылардың жетістіктерін, жаттықтырушылардың еңбегін насихаттап келеді.

Қазақ радиосындағы әлемдік және отандық футбол жаңалықтарын саралайтын «Пенальти» бағдарламасының жүргізушілері - Аршат Ораз бен Алмас Тоқабайдан спорттық радиохабарлар туралы пікірін білген едік.
«Спортқа, оның ішінде футболға әрдайым қызығушылық бар. Оның ішінде әлбетте радио тыңдаушылар да кіреді. Сондықтан радиода тек футбол емес, жалпы спорт бағдарламалары көбірек болғаны дұрыс. Радио да ақпарат құралы болғандықтан ақпарат айдынындағы бостықты толтыруы керек. «Пенальти» - Қазақ радиосы мен ТВ-дағы жалғыз футбол бағдарламасы. Аудиторияның қызығушылығына мониторинг жасау қажет. Дамудың үлкен факторы - бәсекелестік. Бәсеке көбейген сайын сан мен сапа да келеді», - дейді Аршат Ораз.

Ал Алмас Тоқабай болса:
«Біздің негізді тыңдармандарымыз жолаушылар немесе жаратылысы ерекше жандар. Радионың қажеттілігі керемет деп ойлаймын және спорттық хабарлардың санын арттыруды көптеген тыңдармандар жиі сұрайды. Спорттық ақпараттан хабардар еткеніміз үшін алғыстарын айтып отыратын тыңдармандар да бар. Біз жүргізетін «Пенальти» бағдарламасы арқылы біз өз аудиториямызды таптық. Дегенмен әлемде номері бірінші саналатын футболды радиода насихаттау өте баяу деп есептеймін», - дейді.