Қазақ футболындағы маңызды күн

Жанкүйерлер мен Астана қонақтарын біздің футбол тарихымыздағы ең жауапты матч күтіп тұр. «Астана» - қазақ футболының тарихында Еуропа лигасының 1/16 кезеңіне өткен алғаш қазақстандық клуб. Астаналықтардың қарсыласы Португалияның «Спортинг» командасы.

Қарсыластың жетістігі - өз алдына бір төбе. Португалияның 18 дүркін чемпионы. Ел кубогын 16 рет қанжығасына байлап, Суперкубокті 8 рет ұтып алған. Қазақстанның 4 дүркін чемпионы үшін адуынды қарсылас. Криштиану Роналдуның жерлестері таразыға салынатын 1/8 кезеңіне өту үшін 7310 шақырымды артқа тастамақ.

Ойын ақпанның 15-і, сағат 22:00. Билет құны 1500 тенгемен 8000 аралығында. Мектеп оқушылары мен студенттерге 50% жеңілдік. Зейнеткерлерге билет тегін.

Матчқа келіп, біздің чемпионды қолдаңыздар!