Әкемнің арқасында музыкант болып өстім

«Шалқар шаңырағындағы сұхбат» бағдарламасының қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев өнер баспалдағын кімнің арқасында бастағаны жайлы айтып берді.
«Марқұм әкеме басымды иіп, тағзым етемін. Неге десеңіз, менің сауатты тыңдарман болып, ән әлеміне келуім әкемнің арқасы. Қай жанрда болсын, классикалық жанрболсын, рок болсын, дәстүрлі әндер болсын, қазақтың күмбірлеген күйі болсын, осының бәрімен сусындатып өсірген әкеме алғысымды білдіремін. Шынында ол кісі басқа салада қызметкер болса да, шертпе күйдің шебері болған. Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров ағаларымызбен бірге дәмдес болған. Әкемнің арқасында жан-жақты музыкант болып өстім» - дейді әнші.