Жапонияда әлемдегі ең биік ағаш ғимарат салынады

Жапондық «Sumitomo Forestry» құрылыс компаниясы 2041 жылға дейін 70 қабаттан тұратын ғимарат салуды жоспарлап отыр. Оның бір ерекшелігі, құрылыс жабдықтарының он пайызы - 180,000 текше метрге жуық ағаштан салынады.

Аталған тұрғын үйде сегіз мыңға жуық пәтер болмақ. Пәтерлердің әр балконында ағаштар мен жапырақтар болады деп жоспарлануда.
Токиодағы тұрақты жер сілкіністерінен қорғайтын бұл ғимараттың жобаланған құны - шамамен 600 миллиард иен (шамамен £ 5,06 млрд),

Құрылысқа отқа төзімді, ыстық температурада тұрақтылығын сақтайтын ламинатталған ағаштар пайдаланылмақ.