Жазушы Сафуан Шәймерденов туралы сыр

Сафуан Шаймерденов — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы. Жазушы Сафуан Шәймерденов Қазақ радиосына берген бір сұхбатында жазушы Әпжапар Әбішов жайлы кеңінен әңгіме өрбітіпті. Сол сұхбат «Алтын қорда» сақталған. Бүгінгі «Дәуір үні» хабарын қалт жіберіп алмаңыз. Хабар 17:05 те Қазақ радиосынан беріледі.

Жазушының "Болашаққа жол" атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін "Инеш" деген атпен орыс тіліне аударылды. "Өмір нұры" атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанаға бағындырылған алты повесть - "Мезгіл", "Қарғаш", "Өмір нұры", "Ит ашуы", "Мәжнүн тал" кіреді. Олар шетел тілдеріне әлденеше рет аударылған. "Қайдасын, Зарина?", "Қыр гүлі", "Әнім сен едің", "Марғау", "Төрт бойдақ, бір қыз", "Өкіл әке", "Түйе көтерген", "Аруана дүние" пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасында қойылып келеді.

"Дәуір үні" хабары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған ұлт қайраткерлерінің дауыстарын, олардың айтқан ой-толғауларын кәдеге жаратып, рухани тәрбие құралы етеді. Хабардың мақсаты: өмірден өтіп кеткен ұлт зиялыларының өмірлік ұстанымын «Мәңгілік ел» мұратына ұқсату.