Өмірқұл Айниязовқа түркімен тілінде ән айтуды ұсынды

Қоңыр дауысты әнші Өмірқұл Айниязов Қазақ радиосындағы «АРМАНДАСТАР» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасында қонақта болды.
Тікелей эфирге хабарласқан тыңдаушысы әншіге түркімен тілінде ән айтуды ұсынды.
«Түркімен тілінде өлең айтып көрген жоқпын. Ағаның ой-пікірімен келісемін. Ақтаудағы жолдастарым менің дауысымды түркімен әншілеріне ұқсатады. Айналамнан дауысыма қатысты біраз пікірлер айтылып жүр. Елдос Емілдің орындауындағы Ақтаңгерейдің термесін 15 жылдан бері орындап келемін. Осы туындының ішінде кейбір элеметтер бар. Сол иірімдерді түркімендерден келген деп айтады. Сол сәтте өнердегі біраз аға әпкелерім де сынап тастады», - әнші Өмірқұл Айниязов.
Тыңдарман ұсынысын қазақ эстрадасының белгілі əншісі Өмірқұл Айниязов болашақта мүмкіндік болса жүзеге асыратынын жеткізді.