Дәуірдің дара ақыны Әбділда Тәжібаев

Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым Әбділда Тәжібаев "Жастық шақты мағаналы өткізу, сол алтын мұрсатты бағалай білу келешекке дұрыс қадам жасаудың бір жолы" депті Қазақ радиосына берген бір сұхбатында.

Сол сұхбат «Алтын қорда» сақталған. Бүгінгі «Дәуір үні» хабарын қалт жіберіп алмаңыз. Хабар 17:05 те қазақ радиосынан беріледі.

Расында да, жастық шақтың ең айқын ерекшеліктерінің бірі рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға да дайын болу емес пе. Және жақсылыққа да жанқұмарлық қажет. Әбділдә Тәжібаевтың өз заманында айтқан жастар жайлы әңгімесін бүгінгі «Дәуір үні» хабарынан тыңдауға болады.

Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды