Тұтынушы, өз құқығыңызды білесіз бе?

Тұтынушылар құқығы көп жағдайда заңды білмегендіктен бұзылып жатады. Елімізде тұтынушылар құқығын қорғайтын заң да, 170 тен артық арнайы ұйымдар да бар. Жақында тұтынушылар құқығы туралы заңға түзетулер енгізілді деп хабарлайды Тұтынушылардың Ұлттық Одағы. 

Заңдағы жаңа өзгерістер
Тұтынушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері туралы айта отырып, 2016 жылы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулер енгізілгенін атап өткен жөн. Осы тұста заңгер Жанна Токкулиева заңның баптарына және күшіне енген түзетулерге түсініктеме берді.
– Сатушының маңызды міндеттерінің бірі тұтынушының тауар (жұмыс, қызмет) туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде толық ақпарат беру екенін атап өткім келеді. Тек осы тілдердің бірінде немесе шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі. Бұл шарттар Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 25-бабында және «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңында көрсетілген, – деп атап өтті ол.

Жаңартылған ережелерге сәйкес, егер сатып алынған тауар техникалық регламенттер және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сай болмаса, яғни сатылған тауардың жарамдық мерзімі өтіп кеткен, нұқсан келтірілген немесе бүлінген болса, тауарларды сатып алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде алмастырылады немесе қайтарылады. Дегенмен сатып алушы бірқатар себептерге байланысты ұнатпаған өнім туралы тағы бір жағдай бар. Осындай пайдаланылмаған тауарларды қайтару мерзімі бұрынғыдай тауарларды сатып алған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде күшінде қалды. Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы. Бірақ барлық тауарларды 14 күн ішінде қайтаруға немесе айырбастауға болмайтынын ескеру қажет. Олар: азық-түлік емес тауарлар, дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар, іш киім, шұлық сынды бұйымдар, жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ метрлеп сатылатын заттар.

Тағы бір айта кетерлік жайт, сатып алу туралы түбіртек қандай маңызды рөл атқаратынын есте сақтау керек, себебі онсыз тауарды қайтару немесе айырбастау қиынға соғады. Алайда сатып алу фактісін растайтын куәгер немесе чек болмаған жағдайда фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы дәлелдеуге болады. Супермаркетте немесе басқа да сауда орындарында күзет қызметкерлерінің фото және бейне түсіруге тыйым салуға құқығы жоқ. Сіз «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ұялы телефоныңыз немесе басқа құрылғыға тауарларды және бағаларды еркін түсіре аласыз.

Сонымен қатар сатып алушыға баға белгісі (ценник) нақты қай өнімге тиесілі екенін түсіну қиынға соғатындай етіп қойылатын кездер де көп кездеседі. Кассаға ақысын төлеу кезінде тауардың құны көрсетілген бағамен сәйкес келмейтін жағдайларда сатушы тауарларды витринада көрсетілетін сомада сатуға міндетті. Супермаркеттердегі бағалардан шатасу тұтынушылардың алдануының жиі кездесетін түрі болып табылады. Әдетте әкімшілік мұны тауарлардың үлкен түсіміне байланысты баға тізімін уақытында өзгерту мүмкін еместігімен түсіндіреді, ал тауарлардың жаңа бағасы компьютерге енгізіліп қойылады. Бұл жағдайда сатып алушы қандай бағада сатып алуға құқылы, ал сатушы қандай бағада тауар сатуға міндетті? «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 24-бабы 12-тармағына сәйкес, сатушы сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын бағалар заттаңбасымен ресімделген сомада көрсетуге міндетті болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, тауарларды белгілі бір бағамен сатып алу туралы ұсыныс сатушының ашық ұсынысы, яғни баға белгісі ашық ұсыныс болып табылады және сатушы осы ұсыныста көрсетілген баға бойынша тауарларды сатуға міндетті. Бұдан шығатыны, тұтынушы қатаң түрде баға белгісі бойынша төлеп, артық төленген сома оған қайтарылуы керек. Мұндай жағдайларда дүкендерде көбінесе сатып алушыға тауарды және төленген соманы қайтаруды ұсынады. Бірақ тұтынушы бұл жағдайда тауарсыз, ал сатушы жазасыз қалады. Тауарды баға белгілеуінде көрсетілген сома бойынша сатып алуға құқылы екеніңізді дәлелдеу керек. Сатушы сіздерге бағаның айырмасын қайтаруға міндетті.

Дерекөз: taraz.kz