Қазақстанда марапат үшін қосымша зейнетақы төлене ме?

Қандай да бір мемлекеттік мақтау қағаздары үшін қосымша зейнетақы төленбейді.
Қазақ радиосы «Әлеумет» бағдарламасына қонаққа келген Еңбек және әлеуметтік халықты қорғау министрлігінің вице министрі Жақыпова Светлана Қабыкенқызы осылай деді.

1970 жылдары Совет үкіметінің заңында пенсияға шықпаған мұғалімдерге алған марапатары үшін 5-10% қосылатын. Ал қазіргі кезде ондай мүлде қарастырылмаған болып шықты.

«Біздің мемлекетте қосымша төлемдер тек қана Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге және де мүгедек болған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бүгінгі таңда, біздің елімізде халық қаһарманы, еңбек ері саналған азаматтар бар. Сол азаматтар да қосымша зейнетақысын алмай отыр. Ешқандай төлемдер алмай отыр» – дейді вице-министр.