Күйеуіңіздің неке сақинасын тақпағаны дұрыс па?

«Меніңше әңгіме сақинада емес - жүректе. Оның сүйген жарына деген сенімінде, құрметінде» - дейді әнші Шәбә Әденқұлқызы Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Жолдасым Нұрлан бастапқы күндері ғана таққаны болмаса, қазір тақпайды. Ол: «Мен ешқашан қолыма сақина таға алмаймын» - дейді. Мен босанарға дейін денем қатты ісініп, 3-4 айдай тақпай жүрдім. Бірақ, денемнің ісігі кеткеннен кейін қайта тағып алдым. Жалпы қолына сақинасын тағып алып, құрметсіздік танытатын азаматтар бар. Ал, сақина тақпай да ғұмыр бойы жүрегіне тек ғана бір адамды ұя салғызып өтетін адамдар бар. Мен өз жұбайымды сондай деп ойлаймын».