Айсұлу 30 жыл көрмеген құрбысымен қауышты

Құрбысы Луизаны жылдар бойы іздеген Айсұлу оны Қазақ радиосы арқылы Швециядан тапты.

Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Қазақ радиосындағы "Бармысың бауырым" бағдарламасы талай тағдырдың куәсі болып, бір-бірінен көз жазып қалғандардың жақындарын іздестіріп, олардың жүректеріне үміттің сәулесін жақты.  

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасына биыл 25 қаңтарда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны – Ақшабаева Айсұлу хат жазып, 30 жыл көрмеген құрбысы – Шарипова Луизаны тауып беруді өтінген еді. Луиза табылды! Ол қазір Швецияның астанасы – Стокгольмде екен. Құрбысы Айсұлудың іздеп жүргенін білгенде Луиза да қатты қуанды. Осылайша, бала күнгі адал достық, сарқылмас сағыныш екі елдің арасын жалғады.

Қос құрбының қуанышына Қазақ радиосы да ортақ!

Айта кетерлігі, "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы келесі аптадан бастап эфирге  сəрсенбі күні, 11:15- те шығады.

Тікелей эфир студиясына☎ 8(717-2)75-72-75 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар жəне қосымша ақпарат алу үшін 87075355383 нөміріне қоңырау шалсаңыздар болады.