Қазақ радиосы әр күн сайын ертегі ұсынады

Біз әр ертегі арқылы ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Ертегілер тұнып тұрған тәрбие құралы. Олар баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

«Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдің тарихы, қилы да қиын асулары, жақсылық пен жамандық, батырлық пен ізгілік оқиғалары, халықтың мүң шері, арман-мұраты бейнеленген.

Халық ауыз әдебиетінің бір түрі - осы ертегілер тыңдаушыларды, әсіресе балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеп, олардың таным-түсінігінің артуына ықпалын тигізеді. Қазақ радиосының мұрағатындағы бұл хабарлар ұрпақ үшін қашанда бағалы байлық.

Қазақ радиосы әр күн сайын кешкі 20:40 та балаларға арнап "Ертегі" ұсынады. Бүгін "Қайран ақ лақ" ертегісі беріледі.