Қытай ғалымдары жүрекке чип орнатпақ

Қытайдың Нанкин қаласындағы Оңтүстік-шығыс университетінің профессоры Чжао Юаньин бастаған ғылыми топ ауруды анықтау үшін жүрекке қойылатын «жүрек чипін» ойлап тапты.

Бұл чип адам ағзасындағы пульсацияны модельдеп, жүрек бұлшықеті жасушаларының қысымын бақылайды. Сондай-ақ ғалымдар чип түсінің әр өзгерісінен жүрек ауруларының түрлерін және жүрек соғысын анықтай алады..

Қытайлық ғалымдар клеткалық микрочипті жасауда арнайы оптикалық құрылымы бар, өте жұмсақ гидрогельді қолданған. Жүрек бұлшықетінің жасушалары кеңейіп немесе тарылған кезде, гель ыңғайлы түске өзгереді. Дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін, чиптің түсіне қарап, зерттеушілер импульстегі өзгерістерді және препараттың тиімділігін бағалай алады.

Ғылыми тәжірибе университеттің биоэлектроника зертханасында сынақтан өтті. Болашақта бұл белгілі бір дәрі-дәрмектің терапиялық әсерін зерттеуде маңызды рөл атқауруы мүмкін.

Қайнар көзі: Синьхуа