Танымал телжүргізуші, журналист, продюсер Асхат Садырбай Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 45 сұрақ.
- Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз? - Күйгелек, еңбекқор, білімсүйгіш.
- Сүйікті сөзіңіз? - Шүкір.
- Ұнатпайиын сөзіңіз?- Болмайды.
- Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? - Асик.
- Жасырын білмейтін қабілетіңіз? – Жоқ.
- Соңғы рет барған еліңіз? – Түркия.
- Барғыңыз келетін қала? – Сеул.
- Алматы ма Астана ма? – Астана.
- Астана ма Шымкент па? – Шымкент.
- Өзіңіздің бойыңызда жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі? – Жылдам оқу және тез есте сақтау.
- Өзіңізбен үнемі бірге алып жүретін үш зат? – Ұялы телефон, Үйдің кілті, жеке төлқұжат.
- Сіз ойнай алатын музыкалық аспап? – Домбыра.
- Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды таңдар едіңіз? – Мысық.
- Өз бойыңыздағы үш жаман қасиетіңіз? – Сенгіштігім, ашушаңдық, ұйқыны жақсы көрмейтінім.
- Сүйікті мақалыңыз? – Мансап сайын береке.
- Сүйікті әніңіз? – Сағынып жүрмін.
- Ер адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет? – білімді, еңбекқор,бірсөзді.
- Әйел адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет?– адалдық, білімділік, сұлулық.
- Ең сүйікті кітабыңыз? – Оралхан Бөкейдің шығармалары.
- Сізге үлгі болар ғашықтар? – Менің ата-анам.
- Қайрат Нұртас па Ғалымжан Молданазар ма? -Қайрат Нұртас.
- Ең сүйіті фильміңіз? – «Хатико».
- Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә, ұнатамын.
- Ессіз аралға өзіңізбен бірге алып кететін үш зат? – Телефон, кітап, карточка.
- Сіз үшін Қазақстандағы №1 тележүргізуші кім? – Зейін Әліпбек.
- Ең сәтсіз сұхбат? – Димаш Құдайберген.
- Кімнен сұхбат алуы армандайсыз? – Елбасыдан.
- Арманыңыз? – Әр қазақ бақытты болсын деген арман.
- Өз түр келбетіңізден нені өзгертер едіңіз? – Ештеңе өзгертпеймін.
- Кино әлде кітап? – Кітап.
- Еуропа әлде Азия? – Азия.
- Ауыл әлде қала? – Ауыл.
- Мектепте ұнатпаған пәніңіз? – Барлығын ұнаттым.
- Ең бағалы автограф? – Студент кезімде Саят Медеуов, Мейрамбек Беспаев.
- Кіммен сэлфи жасағыңыз келеді? – Елбасымен.
- Қандай тілдерді білесіз? – Қазақша, орысша, өзбекше, алылшынша.
- Қай ғасырда өмір сүріп көргіңіз келеді? – ХІХ ғасыр.
- Басты мақсатыңыз? – Адам болып өту.
- Сүйікті тағамыңыз? – Қазақтың тағамдары.
- Моника Белуччи әлде Анджелина Джоли? - Моника Белуччи.
- Ақшаны ұстай аласыз ба? – Жоқ.
- Ең соңғы алған смс? – «Құрметті достар! Қолдап жіберіңіздер» - деп тұр.
- Бүгінгі күннің батыры? – Серік Исматов.
- Сүйікті кино актер? – Безруков.
- Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Ғұмырлы бол, тұғырлы бол.