Ұлттық тағамға басымдық беру керек

Қазақ: «Ауру астан, дау қарындастан» - дейді. Қазіргі ғалымдардың айтуынша адам ағзасындағы аурудың 90%-ы тамақтан болады екен. «Жақсы тамақ тұрған жерде - жаман ауру тұрмайды» дейді. Біздің физиологиямызға жақсы жағатыны – жылқының еті, қымыз, шұбат, айран. Егер, осы тағамдар дастарханымыздан табылатын болса, қазақтың денсаулығы артады. Өкінішке орай бұлар біздің дастарханымызда басымдыққа ие бола алмай отыр.

Шалқар радиосы «Өнегелі отбасы» бағдарламасының қонағы - Филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы ғалым Омар Жәлелұлы ұлттық тағамды аз тұтанымыз жайлы айты.

«Біреудің қаңсығы – біреуге таңсық» - дейді. Біз біреудің қаңсығын, яғни, біреудің нәрселеріне қызығамыз да, сөйтіп ауруға ұшыраймыз. Қазіргі көп балаларда аллергия бар. Бұл – фанта, спрайт, чипсылардың кесірі. Баламыз жылады екен деп, әпере береміз. Ол ата-ананың баласына жаны ашымауы деп білемін. Неге? Себебі, балалары бесіктен белі шықпай жатып ауруға ұшырап жатыр. Қазақ: «Балаңды аясаң аяма!» дейді. Сондықтан, әрбір қазақтың әйелі ерінбей үйінде айран ашыту керек. Қазақ: «Ауру адам – ұрысқақ, аш адам – тырысқақ» дейді. Мысалы, қазіргі адамдар неге жұмыста ұрысып, тырысып жүреді? Себебі , дұрыс тамақтанбайды. Сол себепті, ұлттық тағамға басымдық беру керек.