Қазақ радиолары мен Қаллеки театры екі жақты меморандумға қол қойды

«Қазақ радиолары» ЖСШ-нің бас директоры М. Манатбекұлы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Сексембаевпен кездесті.

Кездесу барысында екі жақты меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобаларды талқылады. 

Тараптар бұдан былай, рухани – адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырмақ.

Келісім 1 жылға созылады. Енді радио тыңдармандары арнайы жобалар арқылы театр қойылымдарын тамашалай алады. Ал Қазақ радиолары өз кезегінде театрдың жарнамалық-ақпараттық жұмыстарына қолдау көрсетпек.