Қазақ ғалымы құс ауруына қарсы жаңа препарат әзірледі

Отандық ғалымдар Құстардың эпизотологиялық вирусты-инфекциялық өкпе қабынуын биологиялық бақылаудың жаңа әдістерін әзірледі. 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, в.ғ.д. Н.Ғ. Асанов құстарда кездесетін инфекциялық өкпе қабынуына мониторинг жасап, диагностикум әзірледі және алдын-алу шараларын қарастырды. Осы негізде «К-32-13» штаммасы белгіленген эмульсиялы вакцина әзірленді.

Отандық биопрепараттарды өндіріп, нарыққа шығару – Республикамыздағы тиімді биопрепараттарға деген сұранысты қанағаттандырып, шетелдік препараттардың импортын азайтады.

"Ұсынылған МПИП вирусының индикациясының жаңа әдісі мен ауруға қарсы әзірлегнген жаңа вакцина диагнозды уақытында дұрыс қоюды қамтамасыз етеді және инфекцияның таралуын шектейді, бұл өз кезегінде экономикалық шығындарды де әлдеқайда төмендетеді" ,-дейді ғалымдар. 

Қайнар көзі: nauka.kz