Қазақстанда жаңа отандық мессенджер шығады

Қазақстанда жаңа отандық мессенджерлер шығады. Әзірлеушілердің айтуынша жаңа мессенджер «Қалайсың?» деп аталады.

«Қалайсың?» мессенджерінің ерекшелігі: Серверден алшақ және смартфондар арасында шифрленген байланысты тікелей орнату арқылы пайдаланушылардың бір бірімен әңгімелесуінде болып отыр.

Сонымен қатар, өз хабарламаларын басқару, бейне және аудио хабарламалар жолдау қызметтері бар. Сондай-ақ электронды төлемдік қызметі қарастырылған. Сұхбаттасушы адамды іздеу мүмкіндігі оның басты ерекшелігі болады. Аталған мессенджер IOS, Android нұсқаларымен Web нұсқасы болады деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы Қазақ радиосы «Қай тех» бағдарламасында айтылды.