Танымал дизайнер Жадыра Сахиева Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасында әсерлі жауап берген 45 сұрақ.
- Өзіңізді үш сөзбен сипаттасаңыз? – Жарық, жеңіл, жақсы..
- Сүйікті сөзіңіз? – Мен сені сүйемін.
- Ұнатпайтын сөзіңіз?- Ондай сөз жоқ.
- Достарыңыздың сізге қойған лақапаты? – Жадико, жан.
- Жасырын білмейтін қабілетіңіз? – Үйді жақсы жинаймын.
- Соңғы рет барған еліңіз? – Египет.
- Барғыңыз келетін қала? – Америка.
- Алматы ма Астана ма? – Астана.
- Өзіңізді еркін сезінеті қала? – Сарыағаш.
- Өзіңіздің бойыңызда жоқ, бірақ, бар болғанын қалайтын өнер түрі? – Ән айту.
- Өзіңізбен үнемі бірге алып жүретін үш зат? – Куәлік, сантиметр, әмиан.
- Сіз ойнай алатын музыкалық аспап? – Домбыра, фано.
- Егер сіз жануар болсаңыз, қай жануар түрі болуды таңдар едіңіз? – Пантера.
- Өз бойыңыздағы үш жаман қасиетіңіз?– Ашулану, ұйықтағым келіп жүреді, күмәндәну.
- Сүйікті мақалыңыз? – «Ит үреді, керуен көшеді».
- Әлемдік аренадағы сүйікті әншіңіз? – Димаш Құдайберген.
- Қандай сәтте өтірік айтасыз? – Менің ұжымым үлгермей жатқан кезде.
- Әйел адамның бойында міндетті түрде болу керек басты үш қасиет?– Кішіпейілділік, ер азаматты сыйлау, әр уақытты бағалау.
- Ең сүйікті кітабыңыз? – Абайдың қара сөздері.
- Сізге үлгі болар ғашықтар? – Қыз Жібек пен Төлеген.
- Сүйікті спортшыңыз? – Геннадий Головкин.
- Ең сүйікті фильміңіз? – «Титаник», «Аватар».
- Жалғыз уақыт өткізуді ұнатасыз ба? – Иә.
- Ессіз аралға өзіңізбен бірге алып кететін үш зат? – Денеге жағатын майлар, аяқ киім, көзілдірік.
- Әлемдік аренадағы ең үздік 3 бренд? – Валентин Юдашкин, Дольче Габбана, Сергей Шабунин.
- Ешқашан да бұл дизайнердің киімін Жадо ханым кимейді. Ол кім? – Мүмкін емес дүние.
- Ешкім білмейтін сырыңыз бар ма? – Бар.
- Арманыңыз? – Бүлдіршіндерімді Америкаға апарып көрсету.
- Сүйікті әншіңіз? – Мадина Сәдуақасова.
- Кино әлде кітап? – Кино.
- Еуропа әлде Азия? – Азия.
- Ауыл әлде қала? – Екеуі де.
- Мектепте ұнатпаған пәніңіз? – Дене шынықтыру.
- Ең бағалы автограф? – Жоқ.
- Кіммен сэлфи жасағыңыз келеді? – Елбасымен.
- Қандай тілдерді білесіз? – Қазақша, орысша, түрік, ағылшынша.
- Қай ғасырда өмір сүріп көргіңіз келеді? – ХХ-шы ғасыр.
- Сізге сәттілік алып келетін сан? – 8 саны.
- Сүйікті тағамыңыз? – Бешбармақ.
- Драма әлде комедия? - Комедия.
- Өз жұмысыңызға беретін бағаңыз? – 8.
- Ең соңғы алған смс? – Асхат Садырбайдан.
- Бүгінгі күннің батыры? – Асхат Маемиров.
- Сүйікті кино актер? – Джейсон Стэтхэм.
- Өзіңізге айтар тілегіңіз? – Халқымыз аман болса, бәрі тамаша болады.