Бірін-бірі 30 жыл іздеген жан достар табысты!

Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Қазақ радиосындағы "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы талай тағдырдың куәсі болып, бір-бірінен көз жазып қалғандардың жақындарын іздестіріп, олардың жүректеріне үміттің сәулесін жақты.  

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасына биыл 7 ақпанда Өскеменнен хат жолдаған Марат Жакупов, 1986-1988 жылдары Ресейдің Киров облысында Отан алдындағы борышын бірге өтеген досы - Қанат Ибраевқа іздеу салған еді. Осы күнге дейін бір-бірінің суретін естелік қылып сақтап жүрген достар, арада 30 жыл өткен соң бүгін алғаш рет телефон арқылы сөйлесті.

Достардың қуанышына ортақпыз!

Айта кетерлігі, "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Қазақ радиосының әуе толқынында əр сəрсенбі 11:15-те тікелей эфирде өтеді. Студияға ☎+ 7(7172)75-72-75 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар жəне қосымша ақпарат алу үшін: ?+77075355383 нөміріне хабарласыңыздар. 

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын! Əр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын!