Әуезов жайлы бір үзік сыр

Жазған шығармаларын жаның құмарта оқыған, алайда жүзін өзің көрмеген жазушының бейнесі ой-дүниеңде әр сипатпен елестейді емес пе. Сен ойыңша қаламгердің бітім-болмысына, дауыс ырғағына жорамал жасайсың. Ақын Мұзафар Әлімбаев та өз заманында Мұхтар Әуезовті көруге асықты. Сөзіне қарап өзі де ірі шығар деп ойлайтын оған бірде ұлы жазушымен жүздесудің жолы түсіпті.

Бұл туралы ақын өзінің бір естелік сұхбатында әңгіме өрбітіпті. Сұхбат Қазақ радиосының "Алтын қорында" сақталған. Бүгін сағат 15.10-да әуе толқынына шығатын "Дәуір үні" хабарын қалт жіберіп алмаңыз.

Әр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын!