І. Кірпігіңе ұялаған таңғы нұр,
Сәулем бізге тағдыр жазсын бал ғұмыр.
Қол ұстасып шын бақытқа жетейік,
Жүрегіміз соға берсін мәңгі бір!
Қайырмасы:
От жанарың жүрегімді жаулады-ай.
Армандаған сезім оты лаулады-ай.
Біздер жаққан махаббаттың алауы,
Мәңгілікке сөнбесе екен, арман-ай!
ІІ. Бірге жүрсек бағымызды бағалап,
Ертегідей күй кешеміз ғаламат.
Мені сүйген мынау жарық жалғанда,
Жүрегіңнен айналайын адал-ақ!
Өмірқұл Айниязов - Арман-ай
18.04.2018