Қытайлық ғалымдар жасанды құлақ өсірді

Қытайлық ғалымдар адам мүшелерін өсіріп шығарудың жаңа технологиясын сынақтан өткізді. Бұл есту мүшелері кемтар балаларға арналған.

Құлақ қалқаншасы дұрыс жетілмеген немесе құлақ қалқаны мүлдем жоқ 5 бала тәжірибеге қатысқан. Оларға жасанды құлақ салынды. Көбіне мұндай ақаулар бір ғана құлақта кездеседі. Науқастардың сау құлағының пішінін негізге ала отырып, ғалымдар 3D-принтері арқылы екінші нұсқасын басып шығарып, оған науқастың жасушаларын себеді. Жасушалар үш ай ішінде өсіріліп, бұдан соң дайын жасанды құлақ қалқаны балаларға салынады.

Отадан кейін екі жыл өткенде бес баланың төртеуінің салынған құлақтарында шеміршек пайда бола бастаған. Ал үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды, екі баланың құлағы біршама қисық болып қалады.

Ғалымдар зерттеуді бағалап, нәтежиелерін тұрақтандыру үшін отаға қатысқан балаларды қадағалауды жалғастыруда.

Құлақты өсіріп шығару айтарлықтай қымбат болғанмен, мақала авторлары оны одан әрі дамытып және қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді жоспарлап отыр.
«Бұл жұмыс құлақ пен басқа да шемірмектен тұратын мүшелерді, ұлпалық инженерия негізінде қайта қалпына келтіруге қатысты амалдар жетілдіріліп, өте жақын арада медицинға кеңінен енетіні анық» дейді ғалымдар.

Қайнар көзі: indicator