Адам геномын оқитын MinION аспабы жарыққа шықты

Ғалымдар секвенирлеуге арналған, смартфон көлеміндей қалталық MinION аспабын ойлап тапты. Оның көмегімен адам геномын оқуға болады. Nature Biotechnology жариялаған мақалада құрылғының көмегімен ДНҚ молекулаларын ең ұзақ оқылғандығы жөнінде рекорд орнатқаны, сондай-ақ оқу ұзақтығы 882 мың жұптық негіздерді құрағаны сипатталған.

MinION - смартфон көлеміндей аспап. Ол компьютерге USB-кабель арқылы қосылады. Ол аспаптың мембранасына терідегі ұсақ тесіктер арқылы ДНҚ молекулаларын өлшеуге пайдаланылады. Аспаптың бастапқы құны мың долларды құрайды, бұл қазіргі технологиялармен салыстырғанда, өте арзан. Ғалымдар оны ну ормандарда, Арктикада, ғарыш станциясында пайдаланғандықтан, қазір оны далалық секвенатор ретінде үйлестіруде. Бұған дәлел, жақында халықаралық ғарыш айлағында MinION көмегімен ДНҚ-ның бірнеше тізбектерін, соның ішінде тышқанның митохондриалды геномын оқыған. 

Калифорния университеті мен Адам геномын ұлттық зерттеу институтының (АҚШ) зерттеушілері MinION көмегімен адам геномын ойдағыдай оқуға болатынын көрсетті.

Секвенирлеу барысында ДНҚның осындай ұзын фрагменттерін оқып тану авторларға адам геномы тізбектілігіндегі беймәлім жерлерді толықтыруға және оның көп учаскелерін талдауды жеңілдетуге жол ашты.


Қайнар көзі: biocenter