Өркен квинтеті - Жеңеше

1.Сен келгенде үйіме,
Сəлем бердің иіле.
Қызыққан едім сүйіне,
Қарап тұрып тамсанып.
Жеңешем деп жар салып,
Қарсы алып едім əн салып.
Жақсы көріп сəлемді берген сайын,
Көп жаса деп айтамыз көрген сайын.

Қайырмасы:
Жеңеше, жеңеше,
Қуанады көз көрсе.
Бəрінен де бір өзгеше,
Жеңеше, жеңеше.
Сендей сұлу кез келсе,
Əкелер едім сөз берсе.

2.Орамалды тартасың,
Үлкен міндет артасың.
Берекелдетіп ортасын,
Жеңешенің бəрі де.
Сəн қосады сəніңе,
Қосыл жеңеше-оу əніме, 
Жақсы көріп сәлемді берген сайын,
Көп жаса деп айтамыз көрген сайын. 

Қайырмасы: