Димаш Құдайберген жоғары лиганың көш басында тұр!

Отандық жұлдыздар үш лига бойынша үш аптадан бері бақ сынауда.    «Ән шерудің» басты мақсаты да сол – ең үздік әнді анықтау.

Әрбір тыңдарман    qazradio.fm  сайты арқылы дауыс бере алады.  Эстрадалық əндер шеруіне бас-аяғы 17 әнші қатысуда. Олар жоғары, бірінші екінші лигаға бөлінген.

Жоғары лигада «Алтын диск» номинациясына 6 орындаушы үміткер. Бірақ, олардың қайсысы жүлдеге лайық? Ол екінші айналымның соңында анықталады.

Әзірге, жоғары лиганың көш басында тұрған Димаш Құдайберген.  Тыңдармандар «Сағындым» әніне 3000-нан астам дауыс берген.