Қыран құсты баптау неге қиын?

«Бүркіттің тілін, мінез-құлқын білу керек. Оның мінез-құлқы адам сияқты. Мысалы, бүркіт бір күнде 400-500 грамм ет жейтін болса, ол бір жылда 160-180 кг ет жеу керек. Бүркітке етті шаңдырсыз, майсыз беру керек. Баққан адамға қаражат жағынан қиын. Сол себепті бүркітті байлар баққан» - дейді қолөнер шебері, үздік бүркітші, құсбегі Абдулкәрім Қошқаров Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Бүркітке таза жерде суын, етін беріп отырсаң болғаны. Аңға салып, қайыратын кезде семіз етін төмендетіп, етті шайып беретін жағдай болады. Оны бөрітпе, ақжем дейді. Калориясына дейін айтасың. Қазақ: «Ит иесі үшін, бүркіт тамағы үшін алады» деген. Құстың бабы – тамағында» - дейді құсбегі.