Жер сілкінісі жайлы қызықты фактілер мен ережелер

Көптеген адамдар табиғи апаттардан, су тасқынынан болмаса, Цунамидан қорқады. Және, жер сілкінісінен қорқатын адамдар көп. Мысалы, Жапондықтар. Оларда жер Сілкінісі тұрақты. Бүгін біз осы апат кезінде өзін қорғау үшін бірнеше фактілер мен ережелерді жинадық.
1) Жер Сілкінісі кезінде төбедегі немесе үстел үстіндегі заттар құлағанда сіз қандай да бір дене мүшеңізді жарақаттап алуыңыз мүмкін. Ең қорқыныштысы – бас. Сондықтан қатты сілкініс кезінде үстел астына тығылуыңыз керек. Үстел астында бір қолыңызбен басыңызды, екінші қолмен үстел аяғын ұстап тұруыңызға кеңес береміз.

2) Егер, жер сілкінісі кезінде сіз жертөледе қалсаңыз, әр түрлі заттар үстіңізге құламас үшін қандай да бір жасырынатын орын табыңыз. Сондай-ақ қолыңызда өзіңіздің байланыс құралыңызды ұстаңыз.

3) Егер, жер сілкінісі кезінде көлік ішінде болсаңыз, көлікті тастап ашық алаңға жүгіруге кеңес береміз.

4) Жер сілкінісі жер шары бойынша жылына 500 мың рет кездеседі. Сабыр болыңыз. Жер сілкінісінен зардап шеккендер 100 мыңнан артып жығылады.

5) Кейде жер Сілкінісі басыңызға тағы бір қиыншылықты тудыруы мүмкін. Ол қиыншылық – Цунами. Сондықтан бұл кезде басқа жерге тезірек көшуге тырысыңыз.
6) Шын мәнінде, жер сілкінісі 10 мен 30 секунд аралығында болады. Жер сілкінісі өткеннен кейінгі жасалатын шаралармен салыстырар болсақ бұл ұзақ уақыт емес.

7) Кейбір жануарлар жер сілкінісін болжауы мүмкін. Мысалы, иттер өзін өте оғаш сезіне бастайды. Сондықтан көршіңіздің, жақындарыңыздың иті үріп, өзін біртүрлі сезіне бастаса, ол болар апаттың алдында сізді қорғау мақсатындағы белгі деп қабылдаңыз.

8) Жер сілкінісі кезіндеөзіңізді зәулім ғимараттардан ғана емес, электр кабельдерден де аулақ ұстауға тырысыңыз. Және, кез келген байланыс құрылғысы болсын (рация, пейджер немесе телефон).

9) Жалпы, жер сілкінісі таңертен жүреді деген миф бар. Бұл миф жалған! Жер сілкінісі кез келген уақытта басталуы мүмкін.

10) Жер сілкінісі әлсіз және күшті болады. Ең қорқынышты және қатты жер сілкіністері Қытайда және 2011-ші жылы Жапония елінде болды. 2011-ші жылғы жер сілкінісі өзімен бірге ядролық апат алып келді.

Айта кетейік, бұл фактілер мен ережелерді есте сақтағаннан гөрі жазып алуға кеңес береміз. Әсіресе, сейсмикалық белсенді аймақта немесе мұхит маңында тұратын адамдар үшін бұл маңызды. Және, мұндай қайғы кезінде жаныңда адамды лақтырып кетуден аулақ болыңыз.