Жан досы Далбаев Берікті іздейді

"Бармысың, бауырым?" бағдарламасына келген мына бір хатты Семей қаласының тұрғыны —  Смағұлов Мұрат жолдапты. Ол Далбаев Берік деген досын іздейді. Берік  Алматы облысы, Мұқаншы ауданында 1968 жылы дүниеге келген.

"Беріктің келіншегінің есімі – Гүлзира. Гүлзира сол ауылдағы директордың қызы еді.  Берік пен Гүлзира 1990 жылдың жазында шаңырақ көтерді.  Үйлену тойында мен де болдым,  одан кейін арадағы байланыс үзіліп қалды",- деп жазыпты хат иесі.  Берік пен Мұрат Талдықорғандағы техникалық колледжде бірге оқыпты. 

Егер де Далбаев Берікті танысаңыздар, бізге хабарласыңыздар.

"Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Қазақ радиосының әуе толқынында əр сəрсенбі 11:15 - те тікелей эфирде өтеді. 
Студияның байланыс нөмірі: 8(717-2)55-33-55 жəне 8-707-55-53-383 нөмірі сіздерден қоңырау күтеді.