KAZNEB.KZ: Кітаптардың электронды жинағы

Электронды кітапхана қорында 40 000-нан астам контент жинақталған. Контентке тек қана кітаптар ғана кірмейді, дисертация, мақала, карта, нота және де аудио, бейне жазбалар бар.

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, Қазақ елі»  бағдарламасында айтылды.

«Негізгі жұмысымыз кітапты электронды нұсқаға түсіру. Алдымен, кітаптарға таңдау жасаймыз. Кейін кітапты арнайы сканермен сандық нұсқасын түсіреміз. Біз бұрын 500 беттік кітапты бір жұма бойы сандық нұсқаға айналдыратын едік. Қазіргі таңда оқулықтың 1000 беттін 1 сағатты электронды нұсқасын жасап шығамыз. Одан кейін ол кітаптың қателері тексеріледі. Сосын тазарту жұмыстары жүзеге асады», - дейді  ҚР Ұлттық кітапханасы директорының қызметін атқарушы Нұржан Жолдыбалин.

Оқырман интернет желісі болмаса да кітапқан қорымен таныса алады. Сайтқа күніне 1000-нан астам оқырман кіреді. Жылына 100-ден астам мемлекет сайт мәліметтерімен танысады. Ал, ең көп оқылған кітап - «Қазақстан тарихы».