Боянудың 5 түрлі тәсілі

Күтімсіз бетті бояғанымен күнделікті иіс майлар жағылған беттің боялғанының айырмашылығы бірден байқалады. Кейбіреулердің бетке бояу жағатын кезде оның ұсақ-түйек бұлжымас ережелеріне аса мән бермеуі мүмкін. Ал, оның ұсақ-түйек көрінгенімен айтарлықтай маңызы бар.

Осы орайда Қазақ радиосы «Керек дерек» бағдарламасы боянудың 5 түрлі тәсілін ұсынады.
  1. Көздің әдемі көрінуі үшін қастың бірқалыпты болғаны маңызды. Қалалы жерде тұратын арулар арнайы сән салондарына барып, ай сайын қастарын тазартып, сәндетіп жатады. Ал, ауылды жерде тұратындарға оған өздеріне көңіл бөлулеріне тура келеді. Қасыңыз әдемі көрінсін десеңіз оның жоғарғы жағындағы түктерді жұлудың қажеті жоқ. Өйткені, оны жұламын деп әдемілігіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Сондықтан да артық өскен қастың тек төменгі жағын жұлған жөн. Әдемі терілген қас көзді үлкен етіп көрсетіп ажарыңызды аша түседі.
  2. Еріннің пішінін арнайы қарындашпен сызып, өзгертуге сақ болыңыз. Егер, еріннің формасын қызыл қарындашпен сызып, ерінге түссіз далап жақсаңыз сүйкімсіз көрінері сөзсіз. Мұндай жағдайда еріннің шетін қошқыл түспен бояп, үстіңгі жағына жылтыр далап жағу керек. Ал, еріннің айналасын далап түсімен үйлесімді түспен сызу керек. Мұндайда әрдайым қарындашпен далап түстерінің үйлесімді болғанын ескеріңіз.
  3. Бетті боямас бұрын кез келген бетке арналған иіс май жағып үстінен опа жағу керек. Сонда опа сіңімді әрі терідегі ұсақ-түйек қара дақтармен безеулер білінбей қалады. Мамандар оған майлы опалар жағып дақ жасырғыш небір қажеттіліктерді пайдаланып жатады.
  4. Бетке жағатын опаның түсі бет терісінің табиғилығымен сәйкес болуы қажет. Мұнда өзіндік себеп бар. Табиғилық дегеніміз - бет терісінің ерекшелігі. Мысалы, кейбір бет терілері ауа-райына байланысты қызарып, бозарса енді бірі көңіл күйге байланысты өзгереді. Көп жағдайда күйзеліске түскен бет әлпет жиі өзгеріп тұрады. Сондықтан күнделікті қолданып жүрген макияж түсінің бет мойын түсіндей болғаны жөн.
  5. Ел арасында шашты суық сумен жуса шаш әдеміленіп, жылтырап тұрады деген пікір бар. Шаштараздар бұл пікірдің шындыққа жақын еместігін айтады. Себебі, суық суға шаш құйқасы тітіркеніп, шаш ұштанып кетеді екен. Ал, құйқаның тітіркенуі шаштың түсуіне әкеліп соқтыратын көрінеді. Егер, шашыңыздың жылтырағанын қатты қаласаңыз, шампуньды шаштың түбіне дейін жақсылап жағып, тап таза сумен шайғаныңыз абзал.
Кеңесіміз керегіңізге жарасын.