Ақын Олжас Сүлейменов Дүкенбай Досжанды: Қалам қасиетіне берілген жазушы, - десе, философ ғалым Ғарифолла Есім: - әдебиеттің тереңіне терең бойлап, көркемдік пен даналық санаға қол артып, шығармашылық шыңнан көрінген жазушы,- деп баға беріпті.
«Мұхтар жолы», «Абай айнасы», «Алыптың азабы» және «Абақты» атты деректі прозасы арқылы ол тұлғатану бағытында жаңа бір соқпақ салды. Дүкенбай Досжан өз еңбектері арқылы зерделі зерттеуші екенін де мойындатты. Ана тілінің қаймағы түгіл қаспағын да қалдырмай қаламына арқау қылған қаламгер.
Бүгін сағат 15,10-да Қазақ ардиосының эфиріне шығатын "Дәуір үні" хабарынан жазушы Дүкенбай Досжанның "Алтын қорда" сақталған сыр-сұхбатын тыңдай аласыздар